Яцек Гуральски «Ақтөбе» - «Легия» ойынына болжам жасады
Польша құрамасы мен алматылық «Қайраттың» бұрынғы жартылай қорғаушысы Яцек Гуральски Польша вице-чемпионына қарсы өтетін «Ақтөбенің» мүмкіндіктерін бағалады. Өз пікірімен Яцек borodabata.kz сайтына берген сұхбатында бөлісті.
«Менің ойымша, бұл қарсыластықта фаворит — «Легия». Оларда тәжірибелі, шебер ойыншылар көп және еурокубоктарда мол тәжірибе бар. «Ақтөбе» өз алаңында әрдайым мықты, бірақ мен поляктарға көбірек сенемін. Өйткені, олар үшін Еуропа Лигасына жолдама маңыздырақ. Өткен маусымды сәтсіз өткізді — небәрі бесінші орын алды», — деді Гуральски.
2020–2022 жылдары Яцек Гуральски «Қайрат» құрамында 37 матч өткізіп, Қазақстан чемпионы және Кубогының иегері атанған.
«Ақтөбе» мен «Легия» арасындағы алғашқы кездесу 10 шілдеден 11-іне қараған түні өтеді. Қарымта матч 17 шілдеде Ақтөбеде ойналады. Бірінші ойында қонақтар сапынан Соса, Умаев, Ивкович, Қусяпов және Қасым алаңға шыға алмайды.
Сатпаев Словениядағы стадионды үнсіз қалдырды — жергілікті басылым әсерімен бөлісті