Бәрі Қазақстанда шешіледі. «Легия» – «Ақтөбе» матчының шолуы.
11 шілдеге қараған түні Еуропа лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің алғашқы ойыны өтті. Бұл кездесуде батысқазақстандық «Ақтөбе» Варшавада жергілікті «Легиямен» сырт алаңда ойнап, 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Қарсыластар арасындағы алғашқы матчтың тағдыры бірінші таймда шешілді. Алдымен «Ақтөбе» алғашқы қарымта шабуылын сәтті аяқтап, Оралхан Өміртаев гол соқты, бірақ төрешілер VAR арқылы бұл голды офсайд деп есептеп, есепке алмады.
Осыдан кейін 25-минутта алыстан бағытталған қатты соққының арқасында Бичахчян «Легияны» алға шығарды — 1:0. Бірінші таймда басқа есте қаларлық сәттер бола қойған жоқ.
Екінші таймда ойынның өрнегі өзгерген жоқ: «Легия» шабуылдап, «Ақтөбе» қарымта шабуылмен жауап қатты. Алайда есеп сол күйі өзгермеді.
«Ақтөбе» мен «Легия» арасындағы қарымта матч 17 шілдеде өтеді.
Вингер «Челсиден» кетіп, «Арсеналға» ауысты.
Нони Мадуэке «Арсеналға» ауысу арқылы соңғы жылдары «Челсиден» «канонирлер» сапына қосылған кезекті ойыншы атанды. Бұған дейін Лондон клубтары арасында қақпашы Кепа Аррисабалага, шабуылшы Рахим Стерлинг (жалда), сондай-ақ жартылай қорғаушылар Кай Хаверц пен Жоржиньо команда ауыстырған болатын.