locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайратқа» дайындық: «Аталанта» Серия А-да «Ювентустан» жеңілді

Бергамо командасы жаңа маусымды сәтсіз бастады
«Қайратқа» дайындық: «Аталанта» Серия А-да «Ювентустан» жеңілді
ФОТО: Getty Images
А Сериясы Италия
20.09.2026, Аяқт.
Ювентус
2
Аталанта
0

«Аталанта» Италия Серия А чемпионатының бесінші турында «Ювентусқа» қонаққа барды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бергамо командасы жаңа маусымды сәтсіз бастап, бұл жағымсыз үрдіс Туринде де жалғасты. «Богиня» Франсишку Консейсау мен Бремердің голдарынан кейін 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Бергамолықтар қарсы жауап бере алмады.

Осылайша, бес турдан кейін «Аталанта» Серия А турнирлік кестесінде алты ұпаймен 11-орында тұр.

Еске салайық, «Аталанта» УЕФА Конференциялар лигасында «Қайраттың» қарсыласы саналады. 5 қарашада бергамолықтар жалпы кезеңнің үшінші турында Қазақстан чемпионын қабылдайды.

«Аталанта» Конференциялар лигасындағы жолын 15 қазанда кипрлік «Пафосқа» қарсы матчпен бастайды. «Қайрат» сол күні сырт алаңда «Ригаға» қарсы ойнайды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie