locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Андрей Рублёв Almaty Open алдында Бубликтің ойыны туралы мойындауымен таңғалдырды

Ол Бубликті өте талантты ойыншы деп атады
Андрей Рублёв Almaty Open алдында Бубликтің ойыны туралы мойындауымен таңғалдырды
Фото: Reuters

Әлемнің 23-ракеткасы Андрей Рублёв Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликтің ойынының мықты тұстары туралы айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Оның допты сезінуі өте жақсы. Ол өте талантты және допты жақсы сезінеді. Оның барлық қысқа соққылары, қысқа емес соққылары, кесіп орындайтын соққылары — осының бәрі оның өзіндік мәнері, ойын стилі, ерекше қыры шығар. Иә, мен де допты дәл солай сезініп, қысқа соққы немесе кесіп соққы орындай алғым келеді», — деді Андрей Рублёв Алматыдағы баспасөз конференциясында.

Бұған дейін Александр Бублик Қазақстанға деген сезімімен бөлісіп, үйдегі Almaty Open ATP 250 турнирінің маңызы туралы айтып берген еді. Ол үй кортында тек жекелей емес, жұптық разрядта да өнер көрсетеді. Оның серіктесі Зангар Нұрланұлы болады.
Еске салайық, Андрей Рублёв 17-25 қазан аралығында өтетін Almaty Open турниріне қатысады. Бұл турнир Орталық Азия мен ТМД елдері аумағындағы ATP 250 санатындағы жалғыз жарыс болып табылады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie