locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Қайрат» УЕФА Жастар лигасындағы жолын білді

Негізгі кезеңдегі командамен ойнау үшін үш қарсыласты жеңу қажет
«Қайрат» УЕФА Жастар лигасындағы жолын білді
ФОТО: Кайрат

Алматылық «Қайрат» 2026/2027 маусымындағы УЕФА Жастар лигасының іріктеу кезеңіндегі қарсыластарын білді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алматылықтардың негізгі командасы Чемпиондар лигасының негізгі кезеңіне өте алмағандықтан, Қазақстан чемпионы ретінде 19 жасқа дейінгі ұжым іріктеу кезеңінде өнер көрсетеді.

«Қайраттың» бүкіл турнирлік жолы анықталды. Алматылықтар алғашқы раундтан бастайды. Онда Черногорияның Дойна-Горица қаласынан келген «Младость» командасымен кездеседі. Егер черногориялықтарды жеңсе, екінші раундта қазақстандық команда венгриялық МТК-мен ойнайды.

«Қайрат» үшінші раундқа шыққан жағдайда кіммен ойнайтыны да белгілі. Бұл — екінші раундтағы «Валлетта» (Мальта) / «Партизани» (Албания) — «Градец-Кралове» (Чехия) жұбының жеңімпазы.

Бірінші раундтың матчтары 16 қыркүйек пен 14 қазанда, екінші раундтың ойындары 28 қазан мен 4 қарашада, ал қорытынды, үшінші раундтың кездесулері 25 қараша мен 9 желтоқсанда өтеді. Үшінші раундтың жеңімпаздары УЕФА Жастар лигасының негізгі кезеңінде 7-16-орындарды иеленген командалармен ойнайды.

Еске салайық, өткен маусымда «Қайрат» негізгі кезеңде өнер көрсетті, өйткені алматылықтардың негізгі командасы да Чемпиондар лигасының осы кезеңіне жолдама алған еді. Онда алматылықтар бір жеңіс пен бір тең нәтиже тіркеп, 28-орынға ие болды.

Фото: УЕФА
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie