«Қайрат» көрерменсіз ойнамау үшін Чемпиондар лигасы матчының билеттерін тегін таратты
Алматыда өтетін Чемпиондар лигасының үшінші турындағы «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» арасындағы ойын алдындағы басты тақырыптардың бірі – көрермендер мәселесі болды. Клуб билеттердің баяу сатылуына байланысты күтпеген шешім қабылдады.
goalkz_official парақшасының мәліметінше, «Қайрат» басшылығы стадионды толтыру мақсатында 10 мыңға жуық билетті тегін таратуға шешім қабылдаған. Билеттер негізінен ірі компаниялардың қызметкерлеріне берілуде. Кейбір секторлар сатылымнан алынып тасталса, қалғандары корпоративтік шақырулар арқылы толтырылмақ.
Бұл қадамның басты мақсаты – команданы қолдап, Алматыдағы «Орталық» стадионында жанды атмосфера қалыптастыру.
Айта кетсек, матч басталып кетті. 3-минутта «Пафос» жартылай қорғаушысы Жоау Коррея Луиш Матаға қарсы өрескел ойнап, тікелей қызыл қағаз алды. Есеп әзірге 0:0.