locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Англия басылымдары Сәтпаевтың ойынын жоғары бағалады: Давид Луиске қарсы тартыс Лондонды таңғалдырды

Англия БАҚ-ы Дастан Сәтпаевтың ойынын жоғары бағалады
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Англия басылымдары Сәтпаевтың ойынын жоғары бағалады: Давид Луиске қарсы тартыс Лондонды таңғалдырды
ФОТО: Қайрат ФК

Англияның спорт басылымдары Лондондық «Челсидің» болашақ ойыншысы саналатын Дастан Сәтпаевқа ерекше назар аударды. Алматылық «Қайраттың» жас шабуылшысы Чемпиондар лигасының үшінші турындағы «Пафоспен» (0:0) өткен ойында өзін сенімді көрсетті.

Лондондық «Челсидің» жанкүйерлік порталы The Chelsea Chronicle атап өткендей, Сәтпаевтың қазіргі деңгейі оның әлеуетін айқын көрсетіп отыр:

«Дастан әлі даму кезеңінде, сондықтан Чемпиондар лигасындағы тұрақты ойындар оған баға жетпес тәжірибе береді. Келесі маусымда «Челси» оның қаншалықты өскенін нақты бағалай алады», - деп жазады басылым.

Материалда сонымен қатар «Пафостың» қорғаныстағы сенімді ойыны ерекше атап өтілді. Тәжірибелі Давид Луис «Қайраттың» шабуылдарын тоқтатып, Сәтпаевқа көп еркіндік бермеді. Соған қарамастан, британ сарапшылары жас қазақ футболшысының әлеуетіне сенімді.

«Болашақ «Челси» ойыншысы алда әлі көптеген сынақтардан өтеді. «Қайраттың» алдында «Интермен», «Копенгагенмен», «Олимпиакоспен», «Брюггемен» және «Арсеналмен» болатын маңызды ойындар тұр. Бұл матчтар оның әлеуетін толық ашуға мүмкіндік береді», - деп жазады The Chelsea Chronicle.

Айта кетейік, «Қайрат» «Пафоспен» тең ойнап (0:0), клуб тарихында алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ұпай еншіледі. Қазіргі таңда алматылық команда 34 орында келеді.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie