locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сәтпаев? «Қайрат» ойыншысы Чемпиондар лигасының 3-турының символдық құрамына енді

«Қайрат» қорғаушысы Чемпиондар лигасының тур құрамына енді
Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Сәтпаев? «Қайрат» ойыншысы Чемпиондар лигасының 3-турының символдық құрамына енді
ФОТО: Чемпионат

Алматының «Қайраты» алғаш рет Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде ұпай еншілеп, клуб тарихында жаңа белеске шықты. Бұл тарихи матчтың басты кейіпкерлерінің бірі - қорғаушы Александр Мартынович Sofascore нұсқасы бойынша турдың символикалық құрамына енді.

Беларусиялық футболшы жоғары баға - 9.4 ұпай алды. Ол кипрлік «Пафоспен» өткен кездесуде (0:0) қорғаныста сенімді ойнап, бірде-бір қателік жіберген жоқ. Оның тамаша ойыны арқасында «Қайрат» өз қақпасын аман сақтап, Чемпиондар лигасындағы алғашқы ұпайын еншіледі.

Мартыновичпен қатар тур құрамына Виктор Осимхен, Витинья және Маркус Рэшфорд секілді жұлдыздар да кірді. Ал ең үздік ойыншылар аталымында «Тоттенхэм» қақпашысы Викарио мен «Барселона» жартылай қорғаушысы Фермин (екеуі де - 10 ұпай) деп танылды.

Үш турдан кейін «Қайрат» 1 ұпай жинап, 36 клубтың ішінде 34-орында тұр.

Фото: sofascore
Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie