Фото. «Қайрат» үшін мінсіз бастама: «Пафос» ойыншысы матчтың 3-минутында қызыл қағаз алды
«Пафос» матчтың 3-минутында-ақ азшылықта қалды
Футбол
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Qazaqstan
Алматыда Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 3-турындағы «Қайрат» пен кипрлік «Пафос» арасындағы матч нағыз сенсациямен басталды. Ойынның небәрі 3-минутында қонақтардың жартылай қорғаушысы Жоау Коррея Луиш Матаға қарсы дөрекі фол жасағаны үшін бірден қызыл қағаз алды.
«Пафос» ойыншысы допқа талас кезінде қазақстандық футболшының бетінен бутсамен бір тепті, ал төреші еш ойланбастан тәртіп бұзушыны алаңнан қуды. Бұл эпизод трибуналарда үлкен эмоция тудырып, матчтың жүйкеге салмақ түсіретін әрі шиеленісті өтуіне себеп болды.
Қазіргі уақытта ойынның 10 минуты өтті, есеп өзгерген жоқ – 0:0. Матчтың тікелей трансляциясы.
