2025 жылғы Африка ұлттар кубогының жеребе тарту нәтижелері
27-28 қаңтар аралығында Марокконың Рабат қаласында 2025 жылғы Африка ұлттар кубогының жеребесі тартылды.
Командалар топтарға келесідей бөлінді:
А тобы: Марокко, Мали, Замбия, Комор аралдары
В тобы: Египет, Оңтүстік Африка Республикасы, Ангола, Зимбабве
С тобы: Нигерия, Тунис, Уганда, Танзания
D тобы: Сенегал, Конго Демократиялық Республикасы, Бенин, Ботсвана
E тобы: Алжир, Буркина-Фасо, Экваторлық Гвинея, Судан
F тобы: Кот-д’Ивуар, Габон, Камерун, Мозамбик
Айта кетейік, турнир Мароккода 2025 жылдың 21 желтоқсанынан 2026 жылдың 18 қаңтарына дейін өтеді. Қазіргі чемпион — 2024 жылғы Африка ұлттар кубогын өткізген Кот-д’Ивуар. Екінші орынды Нигерия құрамасы, ал үшінші орынды ОАР иеленген еді.
Неймар Сантосқа ауысады: бразилиялық шабуылшы Әл-Хиләлмен келісімшартты ресми түрде бұзды