locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Сәтпаев нүкте қойды: «Қайрат» «Каспийді» жеңіп, Қазақстан кубогының ширек финалына өтті

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Қайрат ФК

Алматының «Қайраты» Қазақстан Кубогының 1/8 финалында «Каспий» командасын ірі есеппен жеңіп, келесі кезеңге жолдама алды. Ойындағы алғашқы екі голды Гиорги Зария пенальтиден соқты, ал үшінші әрі нүкте қойған голды 16 жастағы шабуылшы Дастан Сәтпаев енгізді.

Бұл Сәтпаевтың маусымдағы төртінші және Қазақстан Кубогындағы алғашқы голы болды. Жас футболшы тағы да өз әлеуетінің жоғары екенін дәлелдеді.

Қазақстан Кубогы, 1/8 финал

Қайрат — Каспий — 3:0
Голдар: Зария, 9 (пен.), 45 (пен.) — Сәтпаев, 53

Ширек финалда «Қайрат» «Ордабасы» мен «Хан-Тәңірі» арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie