locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Баспасөз мәслихаты Мбаппе шабуылынан да жылдамырақ: «Каспий» бапкері сұқбатты бастамай жатып аяқтады

Футбол
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Баспасөз мәслихаты Мбаппе шабуылынан да жылдамырақ: «Каспий» бапкері сұқбатты бастамай жатып аяқтады
ФОТО: Каспий ФК

Қазақстан Кубогынан ұшып кеткен «Каспий» клубының бас бапкері Руслан Эсатов көп кідірмеді. Оның матчтан кейінгі пікірі Килиан Мбаппенің жойқын спринтімен теңесерлік жылдамдықпен өтті десе де болады.

«Ең алдымен, «Қайратты» келесі кезеңге өткенімен құттықтағым келеді. Ел чемпионына қарсы ойнау біз үшін қызықты әрі мәртебе болды»,-деді Эсатов.

«Қайрат» 1/8 финал матчында 3:0 есебімен жеңіске жетті. Қос пенальтиді дәл орындаған Гиорги Зария дубль жасаса, соңғы нүктені 16 жастағы Дастан Сәтпаев қойды.

«Каспий» — Бірінші лига клубы. Маусымды жеңіспен бастап, алғашқы турдан кейінгі турнирлік кестеде үшінші орынға жайғасты. Ал Қазақстан Кубогындағы бұл кеш «Қайраттың» ширек финалға сенімді өтуімен аяқталды. Алматылықтар енді «Ордабасы» мен «Хан-Тәңірі» арасындағы жеңімпазбен кездеседі.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie