locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский
Қонақ
Қонақ Пікір қалдыру үшін сайтқа кіріңіз немесе тіркеліңіз
Мәзір

Дастан Сәтпаев Қазақстан Премьер-Лигасында рекорд орнатып, ойынның үздігі атанды

Футбол 06 сәу 2025 08:57
Аружан Темірбек
Аружан Темірбек
Редактор
Дастан Сәтпаев Қазақстан Премьер-Лигасында рекорд орнатты
ФОТО: Қайрат ФК

«Қайраттың» 16 жасар шабуылшысы Дастан Сәтпаев ел футболының жанкүйерлерін тамсандыруын жалғастыруда.

ҚПЛ-дың 4-турында «Атырау» қақпасына үш минуттың ішінде екі гол соғып, Премьер-лига тарихындағы дубль авторы атанған ең жас ойыншы болды. Дастан 51 және 54-минуттарда мергендік танытты.

Бұған дейін бұл рекорд 2001 жылы «Восток» сапында 16 жасында «Екібастұз» қақпасына дубль жасаған Сергей Даниловқа тиесілі болатын. Енді бұл тарихи көрсеткіш Сәтпаевтың еншісіне өтті.

Жас футболшы «Атырауға» қарсы кездесудегі әсерлі ойыны үшін матчтың үздік ойыншысы атанды. Аталған маусымда Дастан 4 ойын өткізіп, 3 гол соғып, 1 нәтижелі пас берді. Алғашқы голын ол 1-турда «Астана» қақпасына енгізген еді.

Қазіргі уақытта «Қайрат» 10 ұпаймен турнир кестесінің көшін бастап тұр.

Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie