locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Райкард және Гуллитпен бірге ойнаған» – «Аякс» экс-ойыншысы Қазақстан құрамасының жаңа бапкері туралы

Ұлттық құрамаға Еуропа чемпионы болған маман тағайындалды
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
«Райкард және Гуллитпен бірге ойнаған» – «Аякс» экс-ойыншысы Қазақстан құрамасының жаңа бапкері туралы
ФОТО: Getty Images

Амстердамдық «Аякс» клубының бұрынғы ойыншысы Андрей Демченко 62 жастағы голландиялық маман Джон ван’т Шкиптің Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері қызметіне тағайындалуына пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Джон ван’т Шкип – «Аякстың» аты аңызға айналған ойыншысы, клубпен де, ұлттық құрамамен де үлкен жетістіктерге жеткен футболшы. Голландияда оны өте жақсы таниды. Джон ван’т Шкип 1988 жылы Еуропа чемпионы атанған сол Голландия құрамасының негізгі ойыншыларының бірі болатын. Әрине, Франк Райкард, Рууд Гуллит пен Марко ван Бастен – сол «голландиялық үштік» басты жұлдыздар еді, бірақ Джон ван’т Шкип те сол команда құрамында болды.

Ойыншы ретінде ол өте мықты еді. Оның негізгі сынағы – аз уақыт ішінде жергілікті футбол мен ортаға бейімделу болады. Себебі ұлттық құраманы жаттықтыруда жергілікті менталитетті білу өте маңызды. Мүмкін, қазақстандық футболшыларға еуропалық футбол көзқарасы жетіспейтін шығар. Тағы бір айта кетерім, «Аякстың» жүйесі, жеңіп алған кубоктары, голландиялық мектептің беделі – бәрі өз орнына қойылған. Одессада айтатындай – «Көре жатармыз», - деді Андрей Демченко.

Қазақстан құрамасының жаңа бапкері несімен танымал?

Футболшы ретінде Джон ван’т Шкип амстердамдық «Аякс» пен италиялық «Дженоа» клубтарында ойнады, сондай-ақ Нидерланды ұлттық құрамасының намысын қорғады. Ұлттық құрама сапында ол 1988 жылы Еуропа чемпионы атанды.

Ван’т Шкип бапкерлік мансабын «Аякс» жүйесінде бастады. Әр жылдары ол амстердамдық клубтың бас бапкері, сондай-ақ «Твенте», «Зволле», мексикалық «Гвадалахара» және австралиялық «Мельбурн Сити» командаларын басқарды. 2016 жылы «Мельбурн Ситимен» бірге ол Аустралия кубогын жеңіп алды.

Демченко – «Жеңіс» ФК-ның бұрынғы бапкері

Футболшы ретінде Демченко амстердамдық «Аякс» сапында УЕФА Суперкубогын ұтып алған. Бапкерлік мансабын ол 2011 жылы украиналық «Имекс» клубында бастаған, одан кейін «Металлург», «Львов», «Металлист 1925» (қазіргі – «Харьков» ФК), сондай-ақ Грузияның «Дила Гори» және «Динамо Батуми» клубтарын жаттықтырды. Сонымен қатар маман қазақстандық «Жеңіс» клубында да жұмыс істеген.

ФОТО: ФК Металлист 1925
Темірбеков Самрат
Темірбеков Самрат
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie