locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Одан нәтиже талап етудің қажеті жоқ еді» — сарапшы «Ақтөбедегі» Нанидің өнері туралы

Португалиялық ойыншы ҚПЛ-дегі дебюттік маусымын аяқтап жатыр
Эксклюзивтер
ФОТО: КПЛ

Қазақстан құрамасының экс-қақпашысы Алмат Бекбаев Англияның «Манчестер Юнайтед» клубы мен Португалия құрамасының бұрынғы ойыншысы Луиш Нанидің «Ақтөбе» сапындағы өнерінің қорытындысы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

«Әрине, Нани медиа тұрғыдан пайдасын тигізді, жұрттың бәрі «Ақтөбе» деген футбол клубының бар екенін білді. Тағы да айтайын, ол — 40 жастағы ойыншы, одан нәтиже талап етудің қажеті жоқ. Ол алаңға ауыстыру ретінде шығып, шоу көрсетуі керек. 20-30 минут ойнай алады, бірақ бүкіл матчқа емес. Қарапайым тілмен айтқанда, команданы сүйреп кете алмайды, алдына қойылған міндетті орындай алмайды», — деді Алмат Бекбаев.

«Ақтөбе» сапында португалиялық вингер 25 матчта үш гол соғып, төрт голдық пас берді.

Еске салайық, 2:2 есебімен тең аяқталған «Қайратқа» қарсы үй матчынан кейін Луиш Нани Қазақстандағы сапарының аяқталуға жақын екенін мәлімдеді. Нани 2026 жылдың қаңтарында «Ақтөбеге» қосылып, 2024 жылдың соңында футболдан кеткенін жариялағаннан кейін кәсіби мансабын қайта жалғастырды. Бұған дейін португалиялық ойыншы «Манчестер Юнайтед» және «Спортинг» клубтарында өнер көрсеткен.

Қазақстан чемпионатындағы соңғы ойынын «Ақтөбе» 31 қазанда «Тоболға» қарсы өткізеді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie