«Шанхай Драгонс» – «Барыс»: ҚХЛ матчының тікелей трансляциясы. Онлайн көру
Жұма, 30 қазанда астаналық «Барыс» Құрлықтық хоккей лигасының (ҚХЛ) тұрақты чемпионатындағы кезекті матчын өткізеді. Қазақстандық команданың қарсыласы «Шанхай Драгонс» болады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Кездесу Санкт-Петербургте өтеді және Қазақстан уақытымен 21:30-да басталады. Матчтың тікелей трансляциясын «Qazsport» телеарнасынан көруге болады.
«Шанхай Драгонс» алдағы ойынға қатарынан төрт жеңіс сериясымен келеді. Соңғы матчта команда мәскеулік «Спартакты» буллиттер сериясында 4:3 есебімен жеңді. 18 ойыннан кейін қытайлық клубтың қоржынында 26 ұпай бар.
«Барыс» алдыңғы матчта үш жеңілістен тұратын сериясын үзді. Қазақстандық команда минскілік «Динамоны» сырт алаңда 1:0 есебімен жеңді. Михаил Кравец шәкірттері 20 ойыннан кейін 23 ұпай жинады.
Қарсыластар соңғы рет наурыз айында кездескен. Сол кезде «Барыс» 8:4 есебімен нәтижелі жеңіске жетті.