locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Керемет көрінеді»: қазақстандық Бішкекте Шакирамен күтпеген кездесуі туралы айтып берді

Футболдағы басты мерекенің ажырамас бөлігіне айналған әншінің өнері туралы Виктория Торгунаковамен әңгімелестік
Эксклюзивтер
ФОТО: Getty Images

Өткен айда Бішкекте колумбиялық әнші, әлемдік музыка жұлдызы әрі «Барселонаның» бұрынғы қорғаушысы Жерар Пикенің экс-жұбайы Шакираның концерті өтті, деп хабарлайды Sports24.kz.

Әлемдік поп-музыка жұлдызы Шакира Орталық Азияда алғаш рет ауқымды шоуын ұсынды. Порталымызға берген сұхбатында Қазақстан азаматы, Freedom Events бас директоры Виктория Торгунакова Бішкектегі стадион сахнасында өткен тарихи концерттен бір күн бұрын әлемдегі ең танымал өнерпаздардың бірімен кездескенін айтты.

«Бұл кездейсоқ кездесу болды. Мұның дәл осылай болатынын ойламадым. Әсерім өте жақсы. Әнші көптеген жұлдыздардан ерекше, өйткені ол өзін өте ашық, еркін әрі жылы ұстады. Шакира сахнаға шығуын салтанатты нәрсе немесе үлкен оқиға етіп көрсеткен жоқ, табиғи қалпында болудан қысылмады», - деді Виктория.

Оның айтуынша, Шакира сахнада да, одан тыс жерде де ашық мінезі мен айналасындағыларға сыпайы қарым-қатынасын сақтайтын өнерпаз екенін көрсетті.

«Шакира кез келген жағдайда өзін жақсы қалыпта ұстайды және шынымен керемет көрінеді: өте жас, тіпті жасөспірімдей деуге болады. Бұл қасиеті оған қатты сүйсіндіреді, әрі адам және өнерпаз ретінде өзіне тартады», - дейді маман.

Виктория Торгунакова оқиғалы туризм өңір елдерінің экономикасын дамытудың маңызды қозғаушы күштерінің біріне айнала алатынын атап өтті. Халықаралық деңгейдегі іс-шараларды өткізуге арналған алаңдардың тапшылығы әлі де басты кедергі болып отыр. Осы тұрғыдан алғанда, Бішкекте жаңа стадионның ашылуы Қырғызстанға зор мүмкіндік береді. Қазақстан нарығына да дәл осындай нысандар жетіспейді.

«А санатындағы әртістердің басым бөлігі үлкен алаңдарда ғана сапар шығынын өтей алатынын түсіну керек. Орталық Азия мен ТМД елдері арасында туристер алмасуының болашағы зор деп білемін. Орталық Азия елдері бір-біріне жақын, логистикасы да айтарлықтай жеңіл. Тағы да қайталаймын: туристер ағынының көп болатынын ескеріп, билік қонақтарды қабылдауға қажетті инфрақұрылымды дайындауы керек», - деп қосты ол.


Сұхбаттасушының айтуынша, қалада бір серпін беретін оқиғаның немесе қала дамуына түрткі болатын нысанның пайда болуы іскерлік белсенділік пен инфрақұрылымның дамуына жол ашады. Инфрақұрылым болмаса, оның әсері бір реттік қана болады: қонақтар келуіне дайын болмаған жерге қайта оралмайды.

Еске сала кетейік, Шакираның концерті «Әйелдер енді жыламайды» деген мағынаны білдіретін Las Mujeres Ya No Lloran әлемдік турнесі аясында өтті. Әнші концертте ең танымал туындыларын орындап, көрермендерге жүрекжарды сөз арнады. Ол жеке басынан өткен оқиғаларымен бөлісіп, өмірдің қиындықтарын еңсеруге күш табудың қаншалықты маңызды екенін айтты.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie