locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстандық маман Жәнібек Әлімханұлының жұлдызды жекпе-жектерге шығу мүмкіндігін бағалады

Дәулен Нұранұлы Жәнібекке деген қызығушылықтың бәсеңдегенін айтады
Эксклюзивтер
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Қазақстандық маман Жәнібек Әлімханұлының жұлдызды жекпе-жектерге шығу мүмкіндігін бағалады
ФОТО: Getty Images

Жәнібек Әлімханұлы WBO-ның жаңартылған суперорта салмақтағы рейтингінде екінші орынға көтерілді. Қазақстандық боксшыдан жоғарыда – ұйымның чемпиондық белдігін иеленген британдық Хамза Шираз тұр. Үшінші орынды мексикалық жұлдыз Сауль «Канело» Альварес иеленген.

Sports24.kz тілшісі Saq Pro Team командасының бас бапкері, қазақстандық маман Дәулет Нұрланұлымен байланысып, Әлімханұлының жаңа дивизиондағы болашағына қатысты пікірін білді.

«Өте төмен пайыз»

Маманның айтуынша, Жәнібек үшін басты мәселе спорттық қабілетінде емес, АҚШ нарығында оның тұлғасына деген үлкен медиалық аудиторияның және коммерциялық қызығушылықтың болмауы.

«Жәнібекке қатысты айтсақ, кәсіби бокста промоутерлік компанияларға ақша құюға дайын адамдар болуы керек екенін түсінуіміз керек. Өкінішке қарай, Жәнібекте АҚШ-та үлкен жанкүйерлік аудитория жоқ.

Сондай-ақ оның промоутері Боб Арум да Жәнібекке аса қызығушылық танытып отырған жоқ. Егер бәрін пайызбен есептесек, Жәнібектің жұлдызды жекпе-жектерге шығу мүмкіндігі өте төмен», – деді Нұрланұлы Sports24.kz тілшісіне берген сұхбатында.

Ширазбен жекпе-жек Канеломен салыстырғанда қиынырақ болуы мүмкін

Маман дивизионның қазіргі көшбасшыларымен әлеуетті жекпе-жектер туралы да пікір білдірді.

Нұрланұлының айтуынша, Хамза Шираз Түрки Аль аш-Шейхтің қолдауы арқасында ерекше жағдайда тұр, сондықтан британдықпен жекпе-жек ұйымдастыру аса күрделі болуы ықтимал.

«WBO чемпионы Хамза Ширазды айтар болсақ, ол – Түрки Аль аш-Шейхтің сүйіктісі. Сондықтан салыстырмалы түрде айтқанда, Канеломен жекпе-жек өткізу Ширазбен салыстырғанда жеңілірек болуы мүмкін.

Бірақ Канелоны да бұл айқас қызықтырмайды, себебі қаржылай және мұра тұрғысынан Әлімханұлына қарсы жекпе-жек оған ештеңе әкелмейді», – деп атап өтті бапкер.

Әлімханұлына бейімделу қажет болады

Нұрланұлының ойынша, алғашқы кезеңде Жәнібекке асығыстық жасамаған жөн. Қазақстандық боксшыға жаңа салмақ дәрежесіне бейімделу үшін бірнеше жекпе-жек өткізу керек деп есептейді.

«Меніңше, Жәнібек жаңа салмақта алғашқы екі-үш жекпе-жекті өткізіп, бейімделіп, жүктемеге үйренуі тиіс.

Бокс – бұл ММА емес, мұнда екі-үш килограммның өзі үлкен рөл ойнайды», – деп қосты маман.

Шираз бен Әлімханұлы бұған дейін де жолығуы мүмкін еді

Айта кетейік, Шираз бен Әлімханұлы рингте бұған дейін де кездесуі мүмкін еді. 2024 жылдың қарашасында британдық боксшы орта салмақта WBO және IBF чемпиондық белдіктерін иеленген қазақстандықпен жекпе-жектен бас тартты.

Осыдан кейін промоутерлік сауда тоқтатылып, Шираз WBO рейтингінен міндетті үміткер ретінде шығарылды. Кейін британдық боксшы WBC белдігі үшін Карлос Адамеспен айқасты. Олардың жекпе-жегі тең аяқталып, Адамес белдігін қорғап қалды, ал Шираз мансабын ауыр салмақта жалғастырды.

Енді қос боксшының жолы суперорта салмақта қайта түйісуі мүмкін. Алайда Дәулет Нұрланұлының бағалауына қарағанда, мұндай жекпе-жекті ұйымдастыру оңайға соқпайды.

Темірбеков Самрат
Темірбеков Самрат
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie