locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Сабах» Чемпиондар лигасында жеңіліс тапты: Покатилов «Барселонадан» төрт гол өткізіп алды

Қақпасында Қазақстан құрамасының голкипері тұрған әзербайжандық «Сабах» Бакудегі өз алаңында каталондық алпауыттан ірі есеппен жеңілді
Футбол
Покатилов «Барселонадан» төрт гол өткізіп алды
@fcbarcelona

Әзербайжандық «Сабах» УЕФА Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі бесінші тур матчында испаниялық «Барселонадан» 1:4 есебімен жеңілді. Қазақстан құрамасының қақпашысы Стас Покатилов алаң иелерінің негізгі құрамында капитандық таңғышпен шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Алаң иелері кездесуді белсенді бастап, есеп ашатын мүмкіндіктерге ие болды. Алайда алғаш болып каталондық клуб футболшылары көзге түсті. 31-минутта Карим Адейеми «Сабахтың» қақпашы алаңына допты асырды. Покатилов қақпадан шығып, допты сәтсіз қайтарды. Доп серпіліп барып Энтони Гордонның алдына түсті. Ағылшын футболшысы жақын қашықтықтан Қазақстан қақпашысын қапы қалдырды. Командалар үзіліске испаниялық алпауыттың аз ғана басымдығымен — 0:1 есебімен кетті.

Екінші таймда каталондықтар басымдығын арттырып, тағы үш гол соқты. Гордон дубль жасаса, Ханс-Дитер Фликтің командасы сапынан Карим Адейеми мен Габриэл Жезус та мергендік танытты. Әзербайжандық клуб жұбаныш голын соққанымен, ол кезде есеп 0:4 болып тұрған еді. Энтони Гордонның Бакуде тағы да нәтижелі ойын көрсеткені назар аудартады. Ақпан айында ағылшын футболшысы Әзербайжанның тағы бір өкілі «Қарабаққа» қарсы матчта покер жасаған болатын.

Осы жеңістен кейін «Барселона» бес матчта 12 ұпай жинап, Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі турнир кестесінде төртінші орынға көтерілді. Үш ұпайы бар «Сабах» 32-орынға сырғып, еурокубоктік турнирдің плей-офф кезеңіне шығу жолындағы жағдайын қиындатып алды.

Абылай Сеитов
Журналист
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie