locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

«Өзбектер ХОК пен World Boxing-ті басып алды»: қазақстандық журналист әлем чемпионатындағы жанжал туралы

Федерация не істеуі керек?
ФОТО: OLYMPIC.KZ

Журналист Ақырыс Сейітқазы осы күндері Ливерпулде өтіп жатқан бокстан әлем чемпионатындағы төрешілік сапасы туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

65 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалдық жекпе-жекте төрешілердің шешімі наразылық тудырды. Бұл кездесуде қазақстандық боксшы Ертуған Зейнұллинов Париж-2024 Олимпиадасының чемпионы әрі 2023 жылғы әлем чемпионы, өзбекстандық Асадхожа Муйдинхужаевқа төрешілердің бірауызды шешімімен жол берді.

«Бокс енді қызықсыз болып кетті. Төрешілерді жеңіске сендіру үшін, өзбектерді тек нокаутпен ғана жеңу керек сияқты. Бұған айқын дәлел – Азия ойындарында Асланбек Шымбергеновтің өзбекстандық Асадхужа Муйдинхужаевпен кездесуіндегі жекпе-жек. Үш нокдауннан кейін ғана оған жеңісті берді. Кеше Ертуған үшін өте өкінішті болды. Ал Бейбарыс Жексен де жеңілді деп айта алмаймын.

Өзбек спорт менеджерлері ХОК-ты, IBA-ны, енді міне World Boxing ұйымын да басып алды. Барлығы жоғарыда шешілетінін біліп, түсіндік, дегенмен, әділеттілікке іштей сендік. Кешегі оқиғадан кейін анық болды: бізге тағы бір Бекет Махмұтов керек. Федерация жоғары жақпен байланыс орнатпайынша, жеңілістеріміз сол күйі жеңіліс болып қала береді. Бұл жерде Головкиннің абыройы да, атағы да көмектеспейді», – деп жазды Ақырыс Сейітқазы әлеуметтік желіде.

10 қыркүйектегі қорытынды бойынша Ливерпулдегі әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы жеті рет жеңіске жетті – яғни жеті боксшы жартылай финалға өтіп, кем дегенде қола медалін қамтамасыз етті.

Қазақстандық боксшылардың жартылай финалдағы қарсыластары туралы мына жерден біле аласыз.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie