Виктория Графеева өзбекстандық боксшыны жеңіп жартылай финалға шықты
Бокс
Наурызбай Қанатұлы
Фото: kfb.kz
Сербияның Ниш қаласында өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатының ширек финалы басталды.
60 келі салмақта сынға түсіп жатқан Виктория Графеева ширек финалда өзбекстандық Ситора Тұрдыбековамен кездесті.
Үш раунд қорытындысы бойынша қазақстандық боксшы айқын жеңіске жетті. Екінші раундта бір рет қарсыласын нокдаунға да түсірді.
Виктория Графеева жартылай финалда серб қызы Наталья Шадринамен жұдырықтасады.
Айта кетейік, аталған жарысқа Қазақстан атынан 12 боксшы аттанған болатын. Соның ішінде 10 боксшы келесі кезеңге өтті.
Бұған дейін, қазақстандық Алуа Балқыбекова алғаш болып жартылай финалға жолдама алғанын жазған болатынбыз.