locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: Ақтөбедегі бокс кешінде Қазақстан – Өзбекстан жекпе-жегі нокаутпен аяқталды

Асқат Жантұрсынов Абдулазиз Матазимовты нокаутқа түсірді
Бокс
ФОТО: Instagram. askat_zhantursynov

Қазақстандық боксшы Асқат Жантұрсынов (11-1, 10 КО) Ақтөбеде өткен кәсіпқой бокс кешінде Өзбекстан өкілі Абдулазиз Матазимовпен (15-18, 7 КО) жұдырықтасты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бірінші ауыр салмақтағы жекпе-жек алты раундқа жоспарланған еді, алайда толық қашықтыққа созылмады. Қазақстандық боксшы кездесуді үшінші раундта нокаутпен аяқтады. Бұған дейін екінші раундта Матазимов екі рет нокдаунға түскен болатын.

Айта кетейік, осылайша Жантұрсыновтың кәсіпқой рингтегі жеңістерінің саны он екіге жетті, ал Матазимов он тоғызыншы жеңілісіне ұшырады.

Айтпақшы, Қазақстаннан шыққан Рио-2016 Олимпиада чемпионы Данияр Елеусінов Өзбекстан өкілі Шохжахон Эргашевке қатысты өткір мәлімдеме жасап, оны жекпе-жекке шақырды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie