locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Төрехан Сабырхан Азия ойындарында мысырлық боксшыны бір минут ішінде нокаутқа түсірді

Төрехан Сабырхан Азия ойындары-2026-ның жартылай финалына мерзімінен бұрын өтті
ФОТО: НОК РК

Қазақстандық боксшы Төрехан Сабырхан Айти-Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.

70 келіге дейінгі салмақ дәрежесінің ширек финалында қазақстандық боксшы Мысыр өкілі Али Ас-Сараимен кездесті.

Сабырхан жекпе-жектің алғашқы секундтарынан-ақ белсенді қимылдап, бастаманы бірден өз қолына алды. Көп ұзамай қазақстандық боксшы қарсыласына ауыр соққы жасап, нәтижесінде мысырлық боксшы нокдаунға түсті. Али Ас-Сараи жекпе-жекті жалғастыра алмады, ал төреші Сабырханның мерзімінен бұрын жеңіске жеткенін тіркеді.

Төрехан Сабырхан 1/8 финалда да жеңіске жеткен еді. Қазақстандық боксшы Катар өкілі Мохаммед Дбичимен жекпе-жекті толық өткізіп, төрешілердің бірауызды шешімімен 5:0 есебімен жеңіске жетті.

Жартылай финалға шығу Сабырханға 2026 жылғы Азия ойындарының кем дегенде қола жүлдесін кепілдеді.

Сабырхан — әлем чемпионы

Еске салайық, Төрехан Сабырхан 2025 жылы Қазақстан құрамасы сапында дебют жасап, Англияда өткен әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған.

Турнир финалында оның қарсыласы Жапониядан келген әлем чемпионы Севон Окадзава болды. Жекпе-жек қорытындысы бойынша Төрехан Сабырхан төрешілердің бөлінген шешімімен (3:2) жеңіске жетіп, алтын медаль иеленді.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie