Наталья Богданова камбэк жасап, Азия ойындарының жартылай финалына шықты
Қазақстандық боксшы Наталья Богданова Айти-Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарының жартылай финалына шықты, деп хабарлайды Sports24.kz.
75 келіге дейінгі салмақтағы ширек финалда қазақстандық боксшы Өзбекстан өкілі Азиза Зокировамен кездесті. Үш раундтың қорытындысы бойынша төрешілер жеңісті Богдановаға берді. Қазақстандық боксшы бірінші раундта 0:5 есебімен жеңіліп қалған еді.
Осылайша, Наталья 2026 жылғы Азия ойындарының кем дегенде қола жүлдесін қамтамасыз етті. Азия ойындарындағы бокс турнирінде үшінші орын үшін жекпе-жек өткізілмейді.
Богданова — World Boxing нұсқасы бойынша қазіргі әлем чемпионы. 2025 жылдың қыркүйегінде Ливерпульде өткен әлем чемпионатында ол 70 келіге дейінгі салмақта алтын медаль жеңіп алды. Финалда Аустралия өкілі Лекеиша Перголитиді ұтты.
2026 жылғы Азия ойындарында Богданова алғаш рет 75 келіге дейінгі салмақта өнер көрсетіп жатыр.