Ресми өтінім берілді: Ұлттар лигасы финалын өткізуі мүмкін орын белгілі болды
Испания 2026–27 маусымындағы Ұлттар лигасының финалдық турнирін өткізуге ресми түрде ниет білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Испания футбол федерациясының президенті Рафаэль Лоусан өтінімнің УЕФА-ға жіберілгенін растады. Мұндай шешім Испанияның «Уэмблиде» Англияны жеңгенінен кейін қабылданды, деп жазады Mundo Deportivo.
Турнирдің финалдық кезеңі 2027 жылғы 9–13 маусым аралығына жоспарланған. Испания жартылай финалдарды, үшінші орын үшін матчты және финалды екі стадионда — Мадридтегі «Сантьяго Бернабеуде» және Вальядолидтегі «Нуэво Хосе Соррильяда» өткізуді ұсынды.
Федерация басшысы елдің беделді халықаралық турнирдің шешуші матчтарын өткізу мүмкіндігін жіберіп алғысы келмейтінін атап өтті. Құжаттар соңғы күндері «Реал» және «Вальядолид» клубтарымен бірлесіп дайындалды.
Егер Испанияның өтінімін УЕФА мақұлдаса, басты стадион «Сантьяго Бернабеу» болады. Мадридтің аңызға айналған аренасы Ұлттар лигасының финалын қабылдайды, ал екінші стадион финалдық турнирдің ертерек кезеңдері үшін пайдаланылады.