Президент Жәнібек Әлімханұлын Астанадағы жеңісімен құттықтады


Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өткен жекпе-жекте WBO және IBF тұжырымдары бойынша әлем чемпионы атағын сәтті қорғаған Жәнібек Әлімханұлын жеңісімен құттықтады.
Мемлекет басшысы боксшының кәсіби шеберлігі мен табандылығын жоғары бағалап, туған елінде ел намысын абыроймен қорғағанын ерекше атап өтті. Сондай-ақ бұл жеңістің қазақстандық спорт жанкүйерлеріне үлкен қуаныш сыйлап, жастарға үлгі болатынын жеткізді. Президент Жәнібектің алда бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.
5 сәуір күні Астанадағы «Барыс Аренада» өткен жекпе-жекте Жәнібек Әлімханұлы франциялық Анауэль Нгамиссенгемен кездесіп, бесінші раундта жойқын нокаутпен жеңіске жетті. Осылайша ол орта салмақтағы екі бірдей чемпиондық белбеуін қорғап қалды. Жекпе-жек соңында Жәнібек барша қазақстандықтарға алғысын білдіріп, ел алдында өнер көрсету үлкен жауапкершілік болғанын айтты.

Футбол
Бүгін 06:03
