UFC басшысы Нурмагомедов пен Двалишвилидің төбелесіне қатысты мәлімдеме жасады
UFC басшысы Дана Уайт ресейлік Усман Нурмагомедов пен оның командасының Әбу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде грузиялық Мераб Двалишвилиге шабуыл жасағаны туралы алғаш рет пікір білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Бұл — мүлде қисынсыз әрі ақымақтық. Олардың бәрі түрмеде отыр. Бұл — ойланбай әрекет ететін жер емес», — деп Уайттың сөзін Championship Rounds X әлеуметтік желісіндегі жеке парақшасында келтіреді.
Еске салайық, оқиға 11 қарашада Әбу-Дабидегі қонақүйлердің бірінде болған. БАҚ-та тараған ақпаратқа сәйкес, Усман Нурмагомедов, оның командасының өкілдері мен Мераб Двалишвили арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан.
Нурмагомедов — PFL ұйымының жеңіл салмақтағы (70 келіге дейін) қазіргі чемпионы әрі кәсіби мансабында жеңіліп көрмеген. Ал Двалишвили бұған дейін UFC-дің аса жеңіл салмақтағы чемпиондық белбеуін иеленген.
Айта кетейік, ММА аңызы Олег Тактаров бұл жағдайды UFC тарихындағы ең танымал текетірестердің бірін насихаттаумен салыстырды. Хабиб Нурмагомедов пен Конор Макгрегордың 2018 жылғы қазандағы жекпе-жегіне дейінгі текетірес көпшілік алдындағы қорлаулармен және UFC 229 турнирінен кейін файтерлер командаларының қатысуымен болған жанжалмен қатар өрбіген.