Корнилов Бивол мен Бетербиевтің үшінші жекпе-жегі жайлы: 2026 жылға ауысуы әбден мүмкін
Ресейлік чемпион Дмитрий Биволдың менеджері Вадим Корнилов шәкірті мен Артур Бетербиев арасындағы үшінші жекпе-жек 2026 жылға шегерілуі мүмкін деген ақпаратқа түсініктеме берді.
Бұған дейін Бетербиев Биволға трилогияның үнемі кейінге қалдырылуына байланысты ренішін білдіріп: «Дима, үшінші жекпе-жекті өткізу үшін маған неше жасқа келу керек?» — деп әзілмен айтып еді.
«Мен бұл туралы естідім. Бірақ шыны керек, нақты ештеңе айта алмаймын. Жекпе-жек келесі жылға ауыстырылуы әбден мүмкін, дегенмен біз әлі де жоспарларымызбен жұмыс істеп жатырмыз», — деді Корнилов World Boxing News басылымына берген сұхбатында.
Бивол мен Бетербиев арасындағы алғашқы екі кездесуде боксшылар бір-бір жеңіске ие болған — екеуі де төрешілер шешімімен.
Аңызға айналған британиялық боксшы 46 жасында рингке қайта оралады.