Аңызға айналған британиялық боксшы 46 жасында рингке қайта оралады
Екі салмақ дәрежесі бойынша бұрынғы әлем чемпионы, 46 жастағы әйгілі британдық боксшы Рикки Хаттон спортқа қайта оралу туралы шешім қабылдады.
Танымал ардагер 2 желтоқсанда Дубайда (БАӘ) рингке шығады. Бұл күні ол жергілікті боксшы әрі қазіргі промоутер Эисе Аль Дамен жекпе-жек өткізеді.
Айта кетейік, Рикки Хаттон 2012 жылдан бері жекпе-жекке шықпаған. Сол жылы ол украиналық Вячеслав Сенченкодан нокаутпен жеңіліп, мансабын аяқтаған болатын.
Эисе Аль Да – БАӘ тарихындағы алғашқы кәсіби боксшы. Оның рекорды – 8 жеңіс (4-уі нокаутпен) және 3 жеңіліс. Ал Хаттон кәсіби мансабында 45 мәрте жеңіске жетіп, үш рет жеңілген. Британиялық боксшы бірінші жартылай орта салмақта IBF және WBA чемпиондық белбеулерінің, ал жартылай орта салмақта WBA титулының иегері болған.
Джейк Пол WBA рейтингін қайта қарау туралы шешімге пікір білдірді.