Головкин Софиядағы бокстан Еуропа чемпионатына келді
World Boxing президенті әрі кәсіпқойлар арасында бұрынғы әлем чемпионы Геннадий Головкин 17-25 қыркүйек аралығында бокстан Еуропа чемпионаты өтіп жатқан Софияға (Болгария) келді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Болгарияның бокс федерациясы Головкиннің ұйым президенті Красимир Ининскимен бірге түскен суретін жариялады.
«Әлемдік бокс тарихындағы ең ұлы есімдердің бірі — Геннадий Головкин (GGG) — Софияға келді! Аңызға айналған чемпион әрі World Boxing президенті Болгария бокс федерациясының президенті Красимир Ининскидің арнайы қонағы атанды. Бүгін Головкин ерлер мен әйелдер арасындағы бокстан Еуропа чемпионатының «Асикс» аренасында өтетін ашылу салтанатына қатысады», — делінген BBF жарияланымында.
«Геннадий Головкин — әлемдік бокс комитетінің жаңа президенті. Кәсіпқой бокстағы орта салмақта әлемдік титулдардың бұрынғы иегері, Қазақстан Ұлттық Олимпиада комитетінің төрағасы әрі Олимпиада вице-президенті федерацияның Римде өткен конгресінде бірауыздан сайланды. Конгреске 100 елден 250-ден астам делегат қатысты», — деп қосты федерация.
Софиядағы жарыс World Boxing ұйымының еуропалық конфедерациясы — European Boxing қамқорлығымен өткен алғашқы Еуропа чемпионаты болды.
Турнир жүлделері үшін 40 ұлттық федерациядан келген 400-ден астам боксшы бақ сынайды.