Фьюри мен Джошуа жекпе-жегі өтетін болды! Толық мәлімет белгілі болды
Британдық боксшы Энтони Джошуаның промоутері Эдди Хирн оның шәкірті мен Тайсон Фьюри арасындағы жекпе-жектің өтетінін растады, деп хабарлайды Sports24.kz.
«Келісімшартқа қол қойылды ма? Біз оған әлдеқашан қол қойдық», – деп жазды Хирн X әлеуметтік желісінде (бұған дейін Twitter).
Британдық БАҚ-тың мәліметінше, боксшылар 2026 жылғы 20 қарашада АҚШ-тың Нью-Йорк қаласындағы «Мэдисон-сквер-гарден» аренасында шаршы алаңға шығуы мүмкін.
Қазіргі таңда Джошуа соңғы жекпе-жегін 25 шілдеде Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өткізіп, албаниялық Кристиан Пренганы екінші раундта нокаутпен жеңді.
Тайсон Фьюри де соңғы рет шілде айында шаршы алаңға шығып, поляк боксшысы Мариуш Вахты жетінші раундта нокаутқа түсірді.
Айта кетейік, қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы Сауль «Канело» Альвареспен ықтимал жекпе-жек туралы тағы да пікір білдірді. Қазақстандық боксшы ықтимал жекпе-жекте өз мүмкіндігін әлі де жоғары бағалайтынын және мексикалық боксшыны жақсы зерттеген қарсылас деп санайтынын растады.