locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Әлімханұлы WBO рейтингінде жоғарылап, «Канело» туралы батыл мәлімдеме жасады

Қазақстандық боксшы «Канелоны» нокаутқа түсіре алатынына әлі де сенімді
Әлімханұлы WBO рейтингінде жоғарылап, «Канело» туралы батыл мәлімдеме жасады
ФОТО: Getty images

Жәнібек Әлімханұлы Сауль «Канело» Альвареспен ықтимал жекпе-жек туралы тағы да пікір білдірді. Қазақстандық боксшы мексикалық қарсыласымен кездескен жағдайда өз мүмкіндігін жоғары бағалайтынын және оның жекпе-жек мәнерін толық зерттеп болғанын айтты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Бұған дейін Әлімханұлы «Канелоны» бір раундтың ішінде үш рет нокаутқа түсіретінін айтып, көпшіліктің назарын аударған еді. Арада уақыт өткен соң одан бұл пікірінің өзгерген-өзгермегені сұралды.

«Мен әлі де солай ойлаймын. Бірақ мұны қарсыласты кемсіту үшін айтып отырған жоқпын. Біз өз күшімізге және Qazaq Style-ға сенеміз. Ал «Канелоның» боксын жақсы зерттеп алдық», - деді Әлімханұлы.

Альварестің мәнерін қаншалықты терең зерттегені туралы сұраққа Жәнібек қысқа әрі нық жауап берді.

«Жүз пайыз», - деді қазақстандық боксшы.

Әлімханұлы командасымен бірге мексикалықтың рингтегі әрекеттерін жан-жақты талдағанын және оның қай соққыларды жиі қолданатынын жақсы білетінін жеткізді.

«Оның қандай соққыларды қолданғанды ұнататынын және оларды қалай қайталайтынын білеміз. Мұны Биволмен жекпе-жекте де, Скуллмен кездесуде де көрдік. Бұл сәттердің бәрін талдап шықтық», - деді Жәнібек.

Әлімханұлы мен Альварес арасындағы ықтимал жекпе-жек туралы әңгіме бірнеше айдан бері айтылып келеді. Қазақстандық боксшы үлкен кездесуге дайын екенін бірнеше рет білдіріп, өз мүмкіндігіне күмән келтірмейтінін көрсетіп жүр.

Сонымен қатар WBO ұйымының жаңартылған рейтингінде Әлімханұлы орта салмақта бірінші орынға көтерілді. Бұған дейін ұйым оны әлем чемпионы Хамза Шираздың белбеуіне міндетті үміткер ретінде белгілеген болатын.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie