locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Джейк Пол WBA рейтингін қайта қарау туралы шешімге пікір білдірді

АҚШ спортшысы сынға қарамастан чемпионға қарсы жекпе-жек сұрады
Джейк Пол WBA рейтингін қайта қарау туралы шешімге пікір білдірді
ФОТО: Getty Images

АҚШ-тың танымал блогері және боксшысы Джейк Пол Бүкіләлемдік бокс қауымдастығының (WBA) бірінші ауыр салмақтағы ТОП-15 рейтингін қайта қарау туралы шешіміне қатысты пікір білдірді.

«Жүйені бұзып, мені мойындаудан қорықпағаны үшін WBA мен Хильберто Мендосеге құрмет. Мен қазіргі чемпион Баду Джекпен бірге тұрған рейтинг тізіміне қарап отырмын – келесі қарсыласым сол болсын», – деп жазды Пол X (бұрынғы Twitter) әлеуметтік желісінде.

Еске сала кетейік, соңғы жекпе-жегінде Пол мексикалық экс-чемпион Хулио Сезар Чавес-кішіні төрешілер шешімімен жеңіп, WBA рейтингінде 14-орынға көтерілген болатын. Алайда бұл шешім кәсіби боксшылар тарапынан қарсылық тудырды. Енді бұл мәселе 15–18 шілде аралығында Мадридте өтетін WBA Еуропа конференциясында қаралады.

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie