locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Джейк Пол Чавес-жуниорды жеңіп, WBC және WBA рейтингтеріне енді

Америкалық блогер-боксшы бұрынғы әлем чемпионын төрешілер шешімімен ұтты
Джейк Пол Чавес-жуниорды жеңіп, WBC және WBA рейтингтеріне енді
ФОТО: Getty Images

28 маусымнан 29-ына қараған түні АҚШ-тың Анахайм қаласында кәсіпқой бокс кеші өтті. Кештің басты оқиғасы – бірінші ауыр салмақта өткен Джейк Пол мен бұрынғы орта салмақтағы WBC чемпионы Хулио Сезар Чавес-жуниор арасындағы 10 раундтық жекпе-жек болды.

Кездесу барлық он раундқа созылып, төрешілердің бірауыздан шығарған шешімімен америкалық файтер Джейк Полдың жеңісімен аяқталды. Бұл жеңісінен кейін ол WBC және WBA ұйымдарының ресми рейтингтеріне енді.

Айта кетейік, бұл – Полдың 2024 жылдың қарашасында 58 жастағы Майк Тайсонды жеңгеннен кейінгі алғашқы жекпе-жегі. Қазір оның рекорды – 7 жеңіс және 1 жеңіліс. Чавес-жуниордың еншісінде 53 жеңіс, 1 тең ойын және 7 жеңіліс бар.

Адам сенгiсiз сома. Усик пен Дюбуа реванш үшін қанша ақша алады?

Спорт — бір шертуде!
Біздің қауымдастықтарға жазылыңыздар да, спорттық оқиғалардан хабардар болыңыздар!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie