locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Бублик маусымды ATP рейтингінде 25-орынмен аяқтады

Александр Шевченко екі сатыға төмендеп, 102-орынға сырғыды
Теннис
ФОТО: Getty Images

Туринде (Италия) өткен ATP қорытынды турнирі аяқталғаннан кейін Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы (ATP) жекелей сындағы әлемдік рейтингті жаңартты, деп хабарлайды Sports24.kz.

Рейтинг көшін жарыстың финалына дейін жеткен германиялық Александр Зверев сақтап қалды. Екінші орында италиялық Янник Синнер тұрса, үшінші сатыға ATP қорытынды турнирінің жеңімпазы, испаниялық Карлос Алькарас жайғасты.

Үздік ондықта да бірнеше өзгеріс болды. Франциялық Артур Фис алтыншы орынға көтеріліп, италиялық Флавио Коболлиді жетінші сатыға ығыстырды.

ATP қорытынды турнирінің финалында Алькарас Зверевті 6:2, 7:6 есебімен жеңді.

Маусымды Алматыдағы турнирден кейін мерзімінен бұрын аяқтаған Қазақстанның үздік теннисшісі Александр Бублик 25-орында тұр.

Александр Шевченко екі сатыға төмендеп, үздік жүздіктен шығып қалды және 102-орынға жайғасты. Тимофей Скатов та бір сатыға төмендеп, енді 194-орында тұр.

Арсен Алиев
Редактор ru, kk
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie