Юлия Путинцева Аделаидадағы турнирден кейін WTA рейтингінде жоғарылады
Теннис
Аружан Темірбек
Редактор
ФОТО: Getty images
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Аустралияның Аделаида қаласында өткен WTA 500 санатындағы турнирдегі өнерін аяқтап, WTA рейтингінде 23-орынға көтеріліп,жеке рекордына қол жеткізді.
Аделаидадағы турнирдің жартылай финалында Путинцева турнирдің бірінші ракеткасы, америкалық Джессика Пегулаға 6:7(4), 3:6 есебімен жол берді.
Australian Open 2025 турнирі 12 қаңтарда басталады. Бірінші айналымда Юлия Путинцева WTA рейтингінде 44-орында тұрған армениялық теннисші Элина Аванесянмен кездеседі.