Қазақстанның екінші ракеткасы Australian Open 2025 бірінші айналымында Армения өкілімен кездеседі
Теннис
Асылхан Тоқсанбек
Редактор
ФОТО: gettyimages.com
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева үшін Australian Open-2025 турнирінің алғашқы қарсыласы анықталды.
Әлемдік рейтингте 25-орында тұрған Путинцева жарыстың бірінші айналымында Армения атынан қатысатын Элина Аванесянмен (WTA рейтингінде 44-орын) кездеседі. Айта кетейік, қос теннисші де Ресейде дүниеге келген, бірақ кейіннен спорттық азаматтықтарын өзгерткен.
Екі спортшы бұған дейін тек бір рет кездескен болатын. Бұл матч 2023 жылдың қыркүйегінде Бейжіңдегі WTA турнирінің іріктеу кезеңінде өтті. Сол кездесуде Путинцева қарсыласын 6:1, 6:4 есебімен екі сетте сенімді түрде жеңген еді.
Елена Рыбакина Australian Open 2025 бірінші айналымдағы қарсыласын анықтады.