Юлия Путинцева Аделаидадағы WTA 500 турнирінің финалына шыға алмады
Теннис
Наурызбай Қанатұлы
Фото: gettyimages
Юлия Путинцева Аустралияда өтіп жатқан Аделаида WTA 500 турнирінің финалына шыға алмады.
Жартылай финалда қазақстандық теннисші америкалық Джессика Пегуламен кездесті. 1 сағат 30 минутқа созылған бәсекеде әлемнің жетінші ракеткасы 7:6 (4), 6:3 есебімен жеңіске жетті.
Айта кетейік, Юлия Australian Open-2025 турнирінің алғашқы матчын армениялық теннисші Элина Аванесянға қарсы өткізеді. Ол WTA рейтингінде 44-ші орында тұр.
WTA 500 Аделаида. Хард. 1/2 финал
Джессика Пегула (АҚШ) - Юлия Путинцева (Қазақстан) - 7:6, 6:3
Юлия Путинцева үш сағаттық матчта ресейлік Диана Шнайдерді жеңді.