«Янковскийге бәсекелес пайда болды»: Карен Хачанов күтпеген жерден Александр Бубликке айналды
Ресейлік теннисші Карен Хачанов Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бубликтің рөлін сомдап, жанкүйерлерді күтпеген өзгерісімен таңғалдырды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Күлкілі видео тенниске арналған First&Red медиажобасының Instagram парақшасында пайда болды. Жарияланымда Хачанов әлемдік теннистегі ең харизмалы ойыншылардың бірі — Александр Бубликтің рөлін сомдап, көрермен алдына үйреншікті емес образда шыққан.
Жарияланым авторлары ресейліктің актерлік қабілетін танымал актер Иван Янковскийдің талантымен әзіл-қалжың аралас салыстырды.
«Келесі басты рөлге Янковскийдің елеулі бәсекелесі пайда болды!» — делінген видео сипаттамасында.
Айта кетерлігі, бұл әзілге толы ролик теннисшілердің ATP 250 Almaty Open турниріндегі текетіресі қарсаңында жарық көрді. Хачанов пен Бублик Алматыда өтіп жатқан жарыстың ширек финалында кездесті.
Еске сала кетейік, ресейлік теннисші чех Томаш Махачты 6:2, 4:6, 7:6 (9:7) есебімен жеңіп, үздік сегіздікке жолдама алды. Ал Бублик венгр Фабиан Марожанның жарыстан шығуына байланысты ширек финалға күрессіз өтті.