WTA финалына жолдама алған алғашқы қазақстандық әйел: бұл – Рыбакина емес
Анастасия Данилина мен Александра Крунич жұбы финалға жолдама алды
ФОТО: Getty Images
Қазақстандық теннисші Анна Данилина мен серб теннисшісі Александра Крунич жұбы WTA финалына жолдама алды, деп хабарлайды Sports24.kz.
Теннис маусымында жұп 14 турнирге қатысып, 5 518 ұпай жинады. Бұл қазіргі әйелдер арасындағы жұптық рейтингте үшінші орынға ие болып, 8–15 қарашада АҚШ-тың Индиан-Уэллс қаласында өтетін финалға жолдама алуға жеткілікті болды.
Турнир бастапқыда Сауд Арабиясының Эр-Рияд қаласында өтуі тиіс еді, бірақ Иранмен қақтығыстан туындаған Орта Шығыстағы қауіпсіздік мәселелеріне байланысты ұйымдастырушылар шараны АҚШ-қа ауыстырды.
Елена Рыбакина да жекелей жарысқа іріктелуге талпынысын жалғастырып жатыр; финалға жолдама алып, онда титулын қорғаумен қатар, ол әлемдік рейтингте бірінші орынға таласуда.