locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Видео. Зверевтің US Open финалында Шелтонды қалай жеңгені

Зверев бұған дейінгі бес кездесудің барлығында Шелтонды жеңіп, қарсыласына небәрі бір сет берген
ФОТО: Getty Images

Германиялық теннисші Александр Зверев Нью-Йоркте өткен маусымдағы «Үлкен дулыға» турнирлерінің соңғысы – US Open финалында америкалық Бен Шелтонды жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матч 6:3, 7:6, 5:7, 6:2 есебімен аяқталды.

Зверев бұған дейін Шелтонмен өткізген бес кездесудің барлығында жеңіске жетіп, қарсыласына небәрі бір сет берген.

Матч 3 сағат 36 минутқа созылды. Кездесу барысында германиялық теннисші тоғыз эйс жасап, алты қос қателік жіберді және иеленген алты брейк-пойнттың төртеуін пайдаланды. Ал америкалықтың еншісінде 10 эйс, төрт қос қателік және үш брейк-пойнттың біреуін жүзеге асыру бар.

Шешуші партиядағы жеңісті гейм аяқталған сәтте Зверев бірден жеңісіне сене алмады. Матч әлі жалғасып жатыр деп ойлаған ол допты қарсыласының алаңына лақтырып, қабылдауға дайындалу үшін байсалды түрде өз орнына бет алды. Тек бірнеше секундтан кейін ғана теннисші турнир жеңімпазы атанғанын түсінді.

Бұл Зверевтің мансабындағы US Open-дегі екінші финалы болды. 2020 жылы ол финалда австриялық Доминик Тимге 2:0 есебімен алда келе жатып есе жіберген. Сонымен қатар бұл оның қатарынан «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі алтыншы финалы болды. Биыл ол «Ролан Гаррос» турнирінде жеңіске жетіп, Уимблдон финалына дейін жетті.

ATP рейтингінің жаңа нұсқасында Зверев әлемнің екінші ракеткасы болып қала береді. Ол тек италиялық Янник Синнерден кейін тұр. Ал 23 жастағы Шелтон тоғызыншы орыннан төртінші орынға көтеріледі.

Зверев – Токио Олимпиадасының чемпионы және ATP турнирлерінің 26 дүркін жеңімпазы.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie