locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Қазақстан құрамасы Сметовке қатысты шешім қабылдады

Дзюдодан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасының құрамы анықталды
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
ФОТО: НОК РК

Қазақстан мен Орталық Азиядағы дзюдодан жалғыз Олимпиада чемпионы Елдос Сметов Бакуде (Әзербайжан) өтетін 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

4-11 қазан аралығында Әзербайжан астанасы Бакуде өтетін дзюдодан әлем чемпионатында Қазақстан намысын 15 спортшы қорғайды.

Бакудегі турнирде 60 келіге дейінгі салмақта Қазақстан атынан Бақытжан Аман мен Шерзод Давлатов белдеседі.

Қазақстан құрамасының құрамы төмендегідей:

Ерлер:

  • 60 келіге дейін – Бақытжан Аман, Шерзод Давлатов;
  • 66 келіге дейін – Нұрқанат Серікбаев, Асылжан Жұбатқанов;
  • 73 келіге дейін – Есет Қуанов, Ансарбек Ғайнуллин;
  • 81 келіге дейін – Жалғас Қайролла, Абылайхан Жұбаназар;
  • 90 келіге дейін – Данил Крылов.

Әйелдер:

  • 48 келіге дейін – Әбиба Әбужақынова, Ғалия Тынбаева;
  • 63 келіге дейін – Есмигүл Куюлова;
  • 78 келіге дейін – Аруна Жангелдина;
  • 78 келіден жоғары – Ақерке Рамазанова, Камила Берлікәш.

Қазақстандық дзюдошылар жеке жарыстарға, сондай-ақ аралас командалық турнирге қатысады.

Айта кетейік, алдағы әлем чемпионатында спортшылар рейтингтік ұпай жинай алады. Бұл ұпайлар Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңінде маңызды рөл атқарады.

Арсен Алиев
Редактор
Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie