locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: WTA Рыбакинаның чемпиондық маусымына қорытынды жасады

Әйелдер теннисі қауымдастығы әлемнің бірінші ракеткасының статистикасын жариялады
Теннис
ФОТО: Getty Images

Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) Елена Рыбакинаның чемпиондық маусымына қорытынды жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.

WTA Instagram парақшасында қазақстандық теннисшіге арналған жазбасын жариялап, әлемнің бірінші ракеткасының статистикасымен бөлісті.

Рыбакина 2026 жылғы маусымда төрт титул жеңіп алып, жекелей сында 54 рет жеңіске жеткені және жылды әлемдік рейтингтің бірінші сатысында аяқтайтыны атап өтілді.

2026 жылы қазақстандық теннисші әсерлі нәтижелерге қол жеткізіп, Australian Open мен US Open-дегі жеңістерді қоса алғанда, төрт титулды еншіледі.

Еске салайық, 29 қазанда Елена 2026 жылдың қорытындысы бойынша WTA әлемдік рейтингіндегі көшбасшылығын қамтамасыз етті. Бұл Токиода өткен WTA 500 санатындағы турнирдің екінші айналымында отандасы Юлия Путинцеваны жеңгеннен кейін белгілі болды.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie