locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

ВИДЕО: Соболенко US Open матчін марихуанаға байланысты тоқтатты

Трибунада жанкүйерлердің бірі көңіл көтеріп отырған
ВИДЕО: Соболенко US Open матчін марихуанаға байланысты тоқтатты
ФОТО: x.com/MirrorUSSports

Арина Соболенко АҚШ ашық чемпионатындағы матч кезінде трибунада біреудің марихуана шеккеніне байланысты төрешіге жүгінуге мәжбүр болды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Беларусь өкілі Камилла Рахимоваға қарсы матч барысында трибунада марихуана шегіп отырған жанкүйерге шағымданып, ойынды уақытша тоқтатуға мәжбүр болды.

«Біреу марихуана шегіп жатыр. Бұған қарсы емессіз бе? Өйткені иісі өте күшті», — деді Беларусь теннисшісі үшінші айналымдағы матч кезінде төрешіге.

АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымында Беларусь теннисшісі Өзбекстан өкілі Камилла Рахимовадан басым түсті. Соболенко екі сетте 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетіп, төртінші айналымға жолдама алды.

1/8 финалда Арина америкалық Тейлор Таунсендпен кездеседі. Соболенко мансабында АҚШ ашық чемпионатында екі рет жеңімпаз атанған.

Айта кетейік, Соболенко Рахимованы жеңгеннен кейін кортта жасаған ерекше рәсімін түсіндірді.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie