Соболенко Рахимованы жеңгеннен кейін корттағы ерекше рәсімін түсіндірді
Әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенко US Open-2026 турнирінде тағып жүрген алқасы туралы айтып берді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Беларусь теннисшісі бұл алқаның арнайы өзі үшін әзірленгенін айтты.
«Бұл — арнайы мен үшін жасалған жиынтық. Ол турнирдің атмосферасын толық жеткізеді: жарқын, батыл әрі түрлі түсті. Маған өте ұнайды. Ал басты тактика — жарқылымен қарсыластардың назарын алаңдату. Жалпы, бұл маған қатты ұнайтын винтажды жиынтық», — деді Соболенко корттағы сұхбатында.
АҚШ ашық чемпионатының үшінші айналымында Беларусь теннисшісі Өзбекстан өкілі Камилла Рахимовадан басым түсті. Соболенко екі сетте 6:3, 6:4 есебімен сенімді жеңіске жетіп, төртінші айналымға жолдама алды.
1/8 финалда Арина америкалық Тейлор Таунсендпен кездесіп, мансабындағы US Open турниріндегі үшінші титулын жеңіп алуға талпынады.
Еске салайық, US Open-2026 турнирі Нью-Йоркте 30 тамыздан 13 қыркүйекке дейін өтеді. Турнирдің жалпы жүлде қоры рекордтық 108 миллион долларды құрайды. Бұл — теннис тарихындағы ең жоғары көрсеткіш.
