Бар болғаны 22 минут: Рыбакина Осакаға қарсы алғашқы сетте сенімді жеңіске жетті
Жапон теннисшісі алғашқы партияда лайықты қарсылық көрсете алмады
ФОТО: Getty Images
Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина АҚШ ашық чемпионатының 1/8 финалындағы Наоми Осакаға қарсы матчтың алғашқы сетінде қарсыласын сенімді түрде жеңді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Алғашқы партияда Қазақстанның бірінші ракеткасы жапон теннисшісінің айтарлықтай қарсылығына тап болған жоқ. Осака 0:1 есебімен бір гейм алғанымен, Рыбакина қатарынан бес гейм жеңіп, матчтағы алғашқы партияны небәрі 22 минутта аяқтады.
Еске салайық, Рыбакина ширек финалдағы ықтимал қарсыласын да біледі — ол қытайлық Чжэн Циньвэнь болады. Осака мен Циньвэньді жеңген жағдайда, Қазақстанның бірінші ракеткасы АҚШ ашық чемпионатындағы бұдан арғы нәтижесіне қарамастан әлемнің бірінші ракеткасы атанады.