Соболенко Ухань турнирінің алғашқы матчында сенсациялық түрде жеңілді
Әлемнің екінші ракеткасы Арина Соболенко Уханьда (Қытай) өтіп жатқан WTA 1000 санатындағы турнирдегі жарыс жолын күтпеген жерден аяқтады. Беларусь теннисшісі алғашқы кездесуінде америкалық Энн Лиге есе жіберді, деп хабарлайды Sports24.kz.
Турнирде бірінші нөмірмен тіркелген Соболенко жарысты екінші айналымнан бастады. Оның қарсыласы әлемдік рейтингте 31-орында тұрған Энн Ли болды.
Америкалық теннисші үш сетке созылған кездесуде 3:6, 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Матч екі сағат 26 минутқа созылды.
Осылайша, Соболенко жарыстың үшінші айналымына өте алмады, ал Ли ширек финалға шығу үшін күресті жалғастырады. Оның келесі қарсыласы WTA рейтингінде 47-орында тұрған индонезиялық Джанис Тьен болады.
Уханьдағы турнирдің жалпы жүлде қоры 4 088 211 долларды құрайды. Жарыс жеңімпазы 665 мың доллар мен рейтингтік 1000 ұпайға ие болады.