locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Кравец «Барыстың» ҚХЛ аясындағы «Автомобилистке» қарсы матчқа арналған құрамын жариялады

Астанадағы кездесу 19:30-да басталады
Кравец «Барыстың» ҚХЛ аясындағы «Автомобилистке» қарсы матчқа арналған құрамын жариялады
ФОТО: ХК «Барыс»

14 қазанда ҚХЛ тұрақты чемпионаты аясында «Барыс» өз алаңында Екатеринбургтің «Автомобилист» командасын қабылдайды, деп хабарлайды Sports24.kz.

Матчтың тікелей трансляциясын Qazsport телеарнасынан көруге болады.

«Барыс» – «Автомобилист»: ҚХЛ матчының тікелей трансляциясын қайдан көруге болады

Астаналық команданың бас бапкері Михаил Кравец ойынға қатысатын құрамды жариялады.

«Барыстың» құрамы:

Шутов (Шепард);

Масси – Дэй, Өмірбеков – Пилон – Бэйли;

Маккошен – Данияр, Симонов – Морелли – Томпсон;

Бритиков – Приски, Ляпунов – Шестаков – Қайыржан;

Бекетаев – Саркенов, Савицкий – Шайхмедденов – Асетов.

Матч алдында «Барыстың» еншісінде 14 ойыннан кейін 16 ұпай бар. Ал «Автомобилист» 13 кездесуден 14 ұпай жинаған.

Алдыңғы матчта астаналық команда өз алаңында новосібірлік «Сибирьге» 2:3 есебімен жол берді. Ал «Автомобилист» өз мұз айдынында омбылық «Авангардты» 4:0 есебімен ойсырата жеңді.

Алдағы кездесу командалардың осы маусымдағы алғашқы өзара ойыны болмақ. Соңғы рет қарсыластар қаңтарда кездескен. Ол кезде Екатеринбург клубы овертаймда 2:1 есебімен жеңіске жеткен.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie