locale KZ
KZ - Қазақ RU - русский

Софья Самоделкина «Денис Тен мемориалында» медаль алғаннан кейін жанкүйерлерге үн қатты

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Алматыдағы турнирде қолдау көрсеткен көрермендерге алғыс айтты
Басқа спорт түрлері
Sports24.kz сайтын Google-ға қосу
Софья Самоделкина «Денис Тен мемориалында» медаль алғаннан кейін жанкүйерлерге үн қатты
ФОТО: Getty Images

Қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина Алматыда өткен «Денис Тен мемориалы» халықаралық турниріндегі өнерін қорытындылап, жанкүйерлерге алғыс білдірді, деп хабарлайды Sports24.kz.

Спортшы Instagram желісінде жазба жариялап, жарыстан кейінгі әсерімен бөлісті және қазақстандық көрермендерге қолдау көрсеткені үшін алғыс айтты.

«Жаңа маусым ресми түрде басталды! Жарыста екі жаңа бағдарламамды көрсетіп, турнирді қола медальмен аяқтағаныма өте қуаныштымын!» - деп жазды Самоделкина.

Сондай-ақ мәнерлеп сырғанаушы Қазақстанда өтетін турнирдің ерекше атмосферасын атап өтіп, жанкүйерлерге жылы қабылдауы үшін ризашылығын жеткізді.

«Denis Ten Memorial турнирінде өнер көрсету әрдайым ерекше қуаныш сыйлайды. Әсіресе өз үйімде, Қазақстанда өнер көрсету бөлек сезім! Жанкүйерлерімізге айрықша алғыс айтамын! Бағдарламамды орындау барысында көрсеткен қолдауларыңыз керемет болды. Трибунадан энергия, эмоция мен жылулық сезіліп тұрды! Қасымнан табылып, қолдау көрсеткен әрқайсыңызға рақмет. Сіздер ең үздік жанкүйерсіздер!» - деді спортшы.

Еске салайық, Самоделкина «Денис Тен мемориалында» әйелдер арасындағы жекелей сырғанаудан қола медаль жеңіп алды. Қысқа және еркін бағдарламалардың қорытындысы бойынша ол 204,36 ұпай жинады.

Турнир жеңімпазы 226,01 ұпаймен ресейлік Александра Игнатова (Трусова) атанды. Оңтүстік Корея өкілі Ким Юджэ 209,20 ұпаймен күміс медаль иеленді.

Софья Самоделкина келесі жарыстарда да бақ сынайды. 2026 жылғы 30 қазан мен 1 қараша аралығында Канаданың Келоуна қаласында Grand Prix Skate Canada International турнирі өтеді. Ал 11-15 қараша күндері АҚШ-тың Эверетт қаласында Grand Prix Skate America 2026 жарысы ұйымдастырылады.

Sports24.kz 163 мың жазылушы
Басты жаңалықтардан хабардар болыңыз! Жаңалықтар, нәтижелер және спорттағы ең жарқын сәттер. Жазылып, маңызды оқиғалардан хабардар болыңыз!
Пікірлер
Пікір қалдыру үшін тіркелуіңіз керек
Для сіздің ыңғайлылығыңыз бен қауіпсіздігіңіз үшін біз файлдар cookie