Рыбакина US Open турнирінің үшінші айналымы алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады
Елена Рыбакина US Open-2026 турнирінің үшінші айналымы алдында жанкүйерлеріне үндеу жасады, деп хабарлайды Sports24.kz.
Қазақстанның үздік теннисшісі жаңа белестерге дайындалып жатыр. Ол бұл туралы Instagram парақшасында бөлісті.
«Нью-Йорктегі кештер. Алда — US Open турнирінің үшінші айналымы», — деп жазды теннисші өз жазбасында.
US Open-2026 турнирінде Рыбакина әзірге бірде-бір сетте жеңілген жоқ. Бірінші айналымда ол 17 жастағы америкалық Тея Фродинді сенімді түрде ұтты — 6:3, 6:2.
Екінші айналымда оның қарсыласы әлемдік рейтингте 105-орында тұрған испаниялық Джессика Боузас Манейро болды. Қазақстандық теннисші кездесуді екі сетте сенімді түрде жеңді — 6:2, 6:4.
Үшінші айналымда қазақстандық теннисшіні WTA рейтингінде 58-орында тұрған украиналық Юлия Стародубцева күтіп тұр. Бұған дейін біз Стародубцеваның Рыбакина үшін аса қауіпті қарсылас екенін жазған болатынбыз.